387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада энергетикалық форум өтті

  • 444
  • UPD: 16:59, 15.11.2018

Энергетика саласындағы күрделі мәселелерді шешудің бір жолы цифрлы трансформаторға қосылу.

Сондықтан бұл бастаманы уақыт оздырмай қолға алу керек. Бұл туралы бүгін Астанада өткен энергетикалық форумда айтылды. Қатысушылардың пікірінше, энергетика саласындағы сандық жүйе, қазір әлемде кеңінен талқыланып жатыр. Мұндай трансформаторлар жобалау уақытын 25, ал қызмет көрсетуді 15 пайызға төмендететін көрінеді. Тіпті қашықтықтан бақылайтын онлайн жүйесі бар. Бұл трансформаторды қауіпсіз әрі жылдам бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жиында баламалы қуат көздеріне негізделген станцияларды дамыту мен инновациялық технологияны енгізу мәселесі де талқыланды.

Шәймерден Оразалинов, Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы:

Энергетикалық кешенді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеуіміз керек. Бұл бізге қазір аса қажет. Сондай-ақ, кәсіпорындардың техникалық жабдықтауды жаңғырту бойынша өздеріне алған міндеттемелері де үнемі назарда болуы тиіс. Бұл негізінен жылу электр станцияларына, желіні жаңарту және жаңа технологияларды енгізуге қатысты.

Хабар 24 телеарнасы