386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда кәсіпкерлерді заңсыз тексеру 40 пайызға азайды

  • 436
Қазақстанда кәсіпкерлерді заңсыз тексеру 40 пайызға азайды

Елімізде кәсіпкерлерді заңсыз тексеру 40 пайызға азайды.

Айталық, осыдан үш жыл бұрын тексерістердің саны 1300-ге дейін жетсе, қазір 800 шамасында. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен бизнесті қорғау форумында мәлім болды. Мамандардың айтуынша, осындай деректерді дер кезінде анықтау арқылы бизнестің 113 млрд теңгесі үнемделген. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қойылатын талаптар да айтарлықтай қысқарды. Олардың қатары бұрын 31 мың болса, қазір 13 мыңды құрайды.

Сапарбек Нұрпейісов, ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы:

– Өзге де құқықтарына зиян келтіру 25 пайызға азайды. Бұл деген сөз кәсіпкерлердің өз бизнесін әрі қарай дамытуына оң әсерін тигізді деп есептеуге болады. Кәсіпкерлерді сотқа дейін қамауға алу тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы