384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы жеке үйлерге уланудан қорғайтын құрылғы орнатылуда

  • 436
Алматыдағы жеке үйлерге уланудан қорғайтын құрылғы орнатылуда

Алматыдағы көмір жағатын жеке үйлерге иістен уланудан қорғайтын құрылғы орнатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық әкімшілік және төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен қолға алынған «Әр үйге қауіпсіздік» шарасы аясында Жетісу ауданы тұрғындарына түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Айта кету керек, құрылғы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тегін орнатылады. Ал өзге тұрғындар оны 7-10 мың теңге аралығында сатып ала алады. Жалпы Алматы қаласында 145 мың жеке тұрғын үй тіркеуге алынған. Олардың 15 мыңға жуығы көмірмен жылытылады.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

– Құрылғы үш кішкентай батареямен жұмыс істейді. Ол от жағу маусымына жеткілікті. Егер де улы газдың концентрациясы көбейетін болса, ол өзінің арнайы дыбыс шығаруымен адамдарды құлақтандырады. Егер де арнайы дыбысты еститін болса, міндетті түрде үйден шығып, үйдегі ауаны алмастыру керек екенін ұмытпауын тағы естеріне салып кетеміз.

Хабар 24 телеарнасы