389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада сот жүйесінің кадрлық құрамын жаңарту мәселесі талқыланды

  • 837
  • UPD: 13:03, 16.11.2018
Астанада сот жүйесінің кадрлық құрамын жаңарту мәселесі талқыланды lovecats.pet

Еліміздегі сот жүйесінің кадрлық құрамын жаңарту қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін сала мәселелері талқыланған жиында осы тақырып басты назарда болды. Келер жылдан бастап судьяларды іріктеу конкурсы алдын ала бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Құжатта бос орындар мен олардың санаттары көрсетіледі. Енді үміткерлер кандидатурасының әрқайсысы бөлек қаралады. Яғни болашақта судьяларды салыстыру тәсілі қолданылатын болады. Елбасы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес бұған дейін де сот саласында біраз өзгеріс пайда болды. Мәселен, қазір іріктеу кезеңінде сұхбат алу, полиграфтық тексеріс, кандидаттың көрсеткіштерін компьютерлік бағдарлама арқылы бағалау, эссе жазу сынды жаңашылдықтар енгізілді.

Ақылтай Қасымов, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

– Соттың жұмысы жазумен байланысты. Сот инженер емес, шешім шығару керек, үкім шығару керек, қаулы шығару керек. Сот болуға кандидаттар жазу біледі ме? Жазғаны логикаға байланысты ма? Ашық жазылады ма? Бағалау керек. Сол үшін керек.

Хабар 24 телеарнасы