386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 14 мыңнан аса қылмыстық іс электронды форматта тергелген

  • 605
  • UPD: 13:04, 16.11.2018
Биыл 14 мыңнан аса қылмыстық іс электронды форматта тергелген

Елімізде биыл 14 мыңнан аса қылмыстық іс электронды форматта тергелді.

Бұл тіркелген барлық құқықбұзушылықтың 4 пайызын құрайды. Айта кету керек, «Е-қылмыстық іс» жобасы аясында әзірге тек онша ауыр емес істер қаралып, сотқа жөнелтіліп жатыр. Ал 2021 жылға қарай ауыр және аса ауыр қылмыстар да жаңа жоба бойынша тергелмек. Бұл жөнінде бүгін Астанадағы криминологиялық форумда белгілі болды. Жиында сала мамандары құқық қорғау саласы ашықтығын күшейту мәселесін талқылады. Оның ішінде ақпараттық саясаттың сапалы жүйесін жасау мен қылмыстық сот өндірісін дамыту тетіктері сөз болды.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мысалы, бізде бір заң қабылданды. Бірақ ол заман талабына сай өзгеріп отырады. Парламент оған дайын. Қылмысты жасаған адам қандай жазаға тартылатынына өзінің көзі жету керек.

Хабар 24 телеарнасы