389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде «Менің аулам» бағдарламасымен 62 ауланы жөндеу көзделіп отыр

  • 749
  • UPD: 13:21, 16.11.2018
Семейде «Менің аулам» бағдарламасымен 62 ауланы жөндеу көзделіп отыр

Семейде «Менің аулам» бағдарламасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қаладағы 9 аула толық жөнделді, оған облыстық бюджеттен 611 миллион теңге бөлінген. Үш жылдық жоба аясында 62 ауланы жөндеу көзделіп отыр. Олар қоғамдық комиссия арқылы таңдалады. Басты талап, үйдің алдындағы аумағы кең әрі пәтер иелері кооперативі болу керек. Ширек ғасырдан бері назардан тыс қалған аулаларда балалар ойнайтын алаңқайлар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары пайда болып, жарықтандыру жұмысы да қолға алынады.

Құралай Дүйсенбаева, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Аулалар көркейіп, балалар мен жастардың спортпен айналысуына, уақыттарын пайдалы өткізуіне септігін тигізіп жатыр. 2019 жылғы біздің жоспарымызда 19 аула қарастырылып отыр. Оған 1 миллиард теңгедей қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы