387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы «Сырым» өткізу бекеті қайта салынбақ

  • 585
БҚО-дағы «Сырым» өткізу бекеті қайта салынбақ

Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасындағы «Сырым» өткізу бекетінде кезектің жиілеп кеткені жайлы бұрын да айтылған.

Алайда шекарадағы алаңдатарлық ахуал алдағы жылы оң шешімін таппақ. Бүгінде өткізу бекетін жаңғырту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, мердігерді анықтау бойынша байқау жарияланған. Құрылыс құны – 1 миллиард 935 миллион теңге. Жобаға сәйкес, мұнда жалпы ұзындығы 1,4 шақырым болатын 8 жолақты жол салынбақ. Нәтижесінде бекеттің өткізу мүмкіндігі екі есе артады.

Мерлан Нәсіпов, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ БҚО филиалының бөлім басшысы:

– Бүгінде «Сырым» өткізу бекеті арқылы тәулігіне 3 мыңдай көлік өтсе, қайта жаңғыртудан соң 7 мыңға дейін жүк және жеңіл көлігі шекарадан өте алады. Жобаға сай мұнда демалыс алаңы, құжаттарды тексеру аймағы жоспарланған. Бекет аумағы толықтай абаттандырылып, қоршалып, тиісті жабдықтармен, бейнебақылау құралдарымен қамтамасыз етілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы