378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада күніне 5-7 жылы аялдама пайдалануға беріліп жатыр

  • 482
  • UPD: 17:10, 16.11.2018
Астанада күніне 5-7 жылы аялдама пайдалануға беріліп жатыр elorda.info

Бүгінге дейін 22 жабық типті павильон пайдалануға берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы қоғамдық көліктер көрсететін қызметтердің сапасын жоғарылату мақсатында көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 55 жабық типті павильондарды (жылы аялдаманы) орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«55 павильонның барлығы орнатылды. Олардың 22-сі пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген павильондар кондиционер жүйесімен, жылытқышпен, Wi-Fi желісімен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. 33 аялдама павильоны бойынша іске қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Басқармада атап өткендей, күніне Астанада 5-7 жабық типті павильон пайдалануға беріледі.

Жоспар бойынша жылы аялдамаларды орнату жұмыстары 25 қарашаға дейін аяқталмақ.

Хабар 24 телеарнасы