389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Асанов: Азаматтардың банктен несие алуының соңы дауға ұласып жатады

  • 454
  • UPD: 17:40, 16.11.2018

Биыл 10 айда еліміздегі бірінші инстанциядағы соттарда 700 мыңнан аса азаматтық іс қаралған. Оның тең жартысына жуығы яғни 42 пайызы банк дауларына қатысты.

Сорақысы мұндай келеңсіздіктер жыл санап артып келеді. Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңестің отырысында осындай мәселе көтерілді. Жақып Асанов қарыз алушылар төменгі деңгейдегі соттардың шешімімен келіспей, Жоғарғы сотқа көптеп шағым түсіргендігін айтты. Олар әдетте банкті емес, сотты кінәлайды екен. Бұл олқылықты түзету үшін Жоғарғы сот түбегейлі шара қабылдауды ұсынып отыр. Себебі заң алдында банк пен қарыз алушы тең болғанымен іс жүзінде жағдай басқаша. Банк қарапайым халыққа келісім-шарттың талаптарын дұрыстап түсіндірместен құжатты рәсімдеуге кіріседі. Тіпті ол келісімнің кейбір тұстарын заңгерлердің өздері түсінбей жатады. Бұл ретте құзырлы орган халықаралық тәжірибенің негізінде заңға қарыз алушының құқығын қорғайтын механизмдерді енгізуді көздеп отыр.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

- Бұл мәселені бұрында да реттемек болдық. 2004 жылы проблемалық несиені шешу мәселесіне мемлекет араласты. 2015 жылы мемлекет қарызды қайта қаржыландыру үшін 132 млрд теңге бөлді. Бірақ бұл бір реттік көмек болатын. Мұндай мәселелерді әрдайым қазына қаражаты есебінен шешу дұрыс емес. Банктен несие алатын кез келген азаматты әдетте 3 сұрақ қана мазалайды. Маған несие береді ме? Оны қай мерзімге дейін береді? Ай сайынғы төлем қанша? Кейіннен келісім-шартқа қарамастан қол қойып, оның арты сотта қаралатын азаматтық дауға ұласады. Ал сот келісім-шартқа сүйене отырып, шешім шығарады.

Төлеш Қаудыров, Сот төрелігі академиясының ректоры:

- Нақты тепе-теңдік болу үшін мынау осал жағын азаматтың оның құқықтарын көтеру керек. Сонда ол банкімен бірге салыстырғанда тең болып шығады. Жағдайды өзгерту үшін заңды өзгерту керек. Кеңес өзінің шешімін Президент әкімшілігіне, Үкіметке өз шешімін жібереді. Сонда Жоғарғы сот өз еркімен осындай Үкіметте болып жатқан күрделі жағдайды көтеріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы