383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржыгерлер конгресінде «7-20-25» бағдарламасын жетілдіру мәселесі талқыланды

  • 376
  • UPD: 22:50, 16.11.2018

Алматыда Қазақстан қаржыгерлері конгресі аясында «7-20-25» бағдарламасын жетілдіру мәселесі кеңінен талқыланды.

Мақсат -  азаматтардың бағдарламаға қатысты ықыласы мен пікірін нарықтың кәсіби қатысушыларына жеткізу және жетілдіру. Сонымен қатар сессияға құрылыс компаниялары, кәсіби қаржыгерлер мен банк өкілдері, риэлторлар мен сарапшылар шақырылған. Осылайша ортақ алаңда бағдарламаны халыққа қолжетімді етудің тетіктері талқыланды. Яғни «Баспана» ипотекалық ұйымының жалпы ипотека берудің жаңа моделі сөз болып, банктермен арадағы жұмысты оңтайландыру мәселесі айтылды. Азаматтар үшін қандай жеңілдіктер болады? Жергілікті әкімдіктер тарапынан қарастырылатын субсидиялар кімдерге беріледі? Осы сыңды өзекті мәселелер сессияның негізгі тақырыбына айналды. Еске сала кетсек, бүгінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініш берушілер қатары 4 мыңнан асқан. 2 900 адамның өтініші мақұлданып, 35 млрд теңге қаржы бөлінген.

Айбар Олжаев, «Баспана» ИК сыртқы коммуникациялар қызметі жетекшісінің орынбасары:

- Елбасының соңғы жолдауында  нақты тапсырма берілді. «7-20-25» бағ қатысушы халықтың ынтасын көтеру ең алдымен  қаржылық мүмкіндігіне мейлінше жергілікті билік тарапынан көмектесу. Осы бойынша біз бірқатар облыстармен келісімге қол қойдық. Олар әрине өз бюджеттен маслихат арқылы шешімдерін өткізіп қатысатын азаматтарына субсидия беру. Субсидия алатын адамдардың нақты категориясы белгіленген.  Елбасымыз  оны нақты қатап айтты ол мұғалімдер, дәрігерлер, полицейлер және сол аймаққа керек өзге де мамандық  өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы