385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде түнгі сот жұмысын бастады

  • 502
  • UPD: 22:17, 16.11.2018
Ақтөбеде түнгі сот жұмысын бастады

Ақтөбеде түнгі сот өз жұмысын бастады. Әзірге жоба тәжірибе ретінде жүзеге асырылып отыр.

Жұмыс уақытынан кейін шағымданған азаматтардың ісін кезекші судья қарайтын болды. Ол әкімшілік істер, нақты айтқанда материалдық шығынды өтеу туралы шағымдардан ада арыздармен айналыспақ. Мәселен түрлі жол-көлік оқиғалары, ұсақ бұзақылық пен тұрмыстық кикілжіңдер қаралады. Бір ай ішінде түнгі сотқа 138 әкімшілік іс келіп түскен. Бұл орайда Фемида өкілдерінің заман ағымынан қалыспай келе жатқанын атап өту қажет. «SMART SOT» жобасы тергеу амалдарына қатысты азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған. ІТ-қызметтерді қолдану арқылы сот ісін қашықтықтан жүргізуге де мүмкіндік бар. Айта кету керек, қазіргі таңда облыста 128 судья еңбек етіп жатыр. Барлық сот залдары дыбыс және бейнежазу құрылғыларымен қамтылған. 

Айгүл Абдуллина, қалалық №2 соттың судьясы:

- Осы шаралардың барлығы сот төрелігінің қолжетімділікті қамтамасыз етуді, сот жүйесі имиджін арттыруға, соттардың тәуелсіздігін нығайтуға және азаматтардың сот жүйесіне сенімін күшейтуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы