386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АLRT биыл көлік картасына бірден ақша «құйып беретін» тәсілді енгізеді

  • 551
  • UPD: 23:05, 16.11.2018
АLRT биыл көлік картасына бірден ақша «құйып беретін» тәсілді енгізеді

Астана LRT көлік картасын толтырудың жаңа тәсілін енгізеді. Ол үшін арнайы агенттер гаджет түріндегі арнайы технология арқылы қарапайым құрылғыны қолданатын болады.

Жыл аяғына дейін Астана LRT 100 агенттік нүкте ашпақ. Осындай әр нүктеде арнайы агенттер отыратын болады. Ол NFC функциясы бар гаджет түріндегі құрылғыларды қолдана отырып бір тетікті басу арқылы көлік картасын толықтырып береді. Қолданушыларға арнайы агенттік нүктелерде картаны толтыру үшін карта мен ақша ғана қажет. Гаджет немесе смартфонның да қажеті болмайды.

«Жаңалық компанияның көлік карталарын толтыру үшін қолданылатын қымбат тұратын жабдықтарды алуға кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңашылдық қоғамдық көлікте көлік картасын қолданатын барлық тұрғындардың ыңғайлылығы үшін енгізіліп отыр. Бұл тәсіл - көлік картасын толықтырудың қосымша түрі. Қолданыстағы тәсілдер алынбайды», - делінген баспасөз хабарламасында.  

Айта кетейік, карталарды бірден толықтыру арнайы кассаларда және RTVM автоматтарында жүзеге асырылады.

astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы