389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда Ұлттық гвардия мен полиция қызметкерлері медальмен марапатталды

  • 538
  • UPD: 09:35, 18.11.2018

Орал қаласында Ұлттық гвардия мен полицияның 15 қызметкері «Қазіргі заман каһарманы» медалімен марапатталды.

Бұл күндері Батыс Қазақстан облысында ерлігімен ерекшеленген полицейлерге арналған акция өтуде. Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 780 қызметкері қызмет бабында қаза тапқан. Мыңнан аса полицей қаһармандығы үшін марапатталса, олардың 130-ына марапат өмірден өткен соң беріліпті. Астаналық жол-патрульдік инспекторы Азамат Балтабаев бір жылда үш рет батырлығымен көзге түскен екен. Өрт кезінде ол басын қатерге тігіп, көп қабатты ғимараттан мүгедек жан мен кейуананы алып шыққан. Аға лейтенант 9-қабаттағы терезенің алдында отырған 6 жасар баланы да аман алып қалған. Ал өткен жылы ол көпірден суға секірген жігітті құтқарды.

Азамат Балтабаев, Астана қалалық полиция департаментінің инспекторы:

- Адамгершілік болса, адамға деген сүйіспеншілік болса, бәрі солай қол ұшын созуға дайын шығар деп ойлаймын.  Жаңа айтып өткендей, біріншіден азаматтық борышым, екіншіден, мен осы салада жұмыс істеймін. Ант бергенмін.

Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ кадрлық жұмыс департаментінің бөлім бастығы:

- Тек тәуелсіздік жылдары аралығында отандастарының өмірін құтқарып қаламын деп қаза тапқан 780, оның ішінде Батыс Қазақстан облысынан 7 қызметкер қылмыскерді ұстау барысында қаза тапқан.  Біз бүгін ұлықтап жатырған әріптестерімізді үлгі тұтып, ішкі істер органдарының қызметкерлері алға қойған міндетін абыроймен атқарады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы