389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 2 мыңнан астам мұғалім латын әліпбиін меңгереді

  • 629
  • UPD: 10:11, 18.11.2018
Ақмола облысында 2 мыңнан астам мұғалім латын әліпбиін меңгереді

Ақмола облысында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, шамамен 2 мыңнан астам мұғалім латын әліпбиін меңгереді.

Ол үшін педагогтардың біліктілігін арттыру институтында 5 арнайы маман дайындалған. Олардың үшеуі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, ал, екеуі бастауыш сынып ұстаздарына латын әліпбиін үйретпек. Ал, аталған институтта бір мезетте 500-ден астам адам дәріс ала алады. Мұнда олардың білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Қажет болған жағдайда мамандар аудан, ауылдарға да барып сабақ бермек. Айта кетейік, 2020 жылдан бастап елімізде мектеп алды даярлық тобы мен 1-сыныптың оқушыларына латын әліпбиін үйрету басталады.

Айсұлу Ақышева, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының директоры:

- Енді 5 тренер бүгінгі күні жетеді деп айта алмаймын. Егер де ол жеткіліксіз болса, біздің басшыларымыз, «Өрлеу» біліктілікті арттыру жүйесі тағы да басқа тренерлерді дайындайды. Болашақта мынау физика, математика тағы да басқа жаратылыстану пәндерінің тренерлері де дайындалады. Бірақ, оның өз уақыты келеді. Оған қаражат бөлінеді. Сондықтан, ол өзінің уақытында жұмыс жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы