386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Цифландырудың игілігін мүмкіндігі шектеулі жандар да көреді

  • 396
  • UPD: 23:17, 18.11.2018
Цифландырудың игілігін мүмкіндігі шектеулі жандар да көреді

Қазір цифрландыру әлемінде жаңа жұмыстар пайда болып, онлайн қызметтер дамып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үйден шықпай-ақ түрлі мамандықты игеріп, ғаламтор арқылы табыс табуға болады. Бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы бағытта бірнеше пилоттық жобаны бастап кетті. Бүгін сала министрінің орынбасары Нариман Мұқышев көпшілікпен жүздесіп, бағдарламаның тиімді тұстарын айтып берді. Министрлік алдағы үш айда еліміздегі мыңнан аса адамды қашықтықтан онлайн курстар арқылы оқытуды жоспарлап отыр. Ғаламторды игерген мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек нарығында өз орындарын табуға мүмкіндігі зор. Бағдарламаға үйде отырған балалы әйелдер де қатыса алады. Жиында осы бағытта табысты жұмыс істеп жүрген мүгедектер де сөз алып, өз тәжірибелерін ортаға салды.

Алмас Ержан, «Еламан» әлеуметтік-инновациялық жобалар қорының төрағасы:

- Жай ғана білім емес, біз кәсіп үйренеміз. Интернет арқылы фрилансер деген кәсіп немесе дизайнер деген кәсіп, СММ деген кәсіп. Бұның бәрі интернетпен жұмыс істейтін кәсіп. Олардың жалақысы далада көше сыпырып жүрген адамдардың жалақысынан әлдеқайда көп.     

Хабар 24 телеарнасы