386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тігіншілер жалақысы 30 пайызға артады

  • 658
  • UPD: 15:08, 20.11.2018
Алматыда тігіншілер жалақысы 30 пайызға артады

Алматыдағы тәртіп сақшылары, әскерилер мен күзет қызметін отандық өніммен қамтамасыз ететін кәсіпорындағы 50-ден аса тігіншінің жалақысы жаңа жылдан бастап көбейетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24» .

Кәсіпорын басшысы Елбасы жолдауындағы тапсырманы орындауға кірісіпті. Жаңа жылдан бастап қызметкерлердің табысы 30 пайызға артып, орташа есеппен 200 мың теңге болады. Ішкі нарықта 18 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынның өнімдері енді бір дүкенге жинақталды. Осыған дейін  отандық әскери киімдер қаланың әр жеріндегі дүкендерде сатылып келген. Бұдан былай құқық қорғаушылар арнайы форманы бір жерден ғана сатып ала алады. 

Тоқтар Ботабай, әскери киімдер тігетін кәсіпорын басшысы:

- Жаңа жылдан бастап жұмысшыларымыздың айлығын 30 пайызға көбейтпекпіз. Енді біз ойлаймыз, лайықты жалақы алған әрбір жұмысшы өз кәсібін сүйіп істейді. Өз кәсібін сүйгеннен кейін дұрыс өнім шығарады. Дұрыс өнім болған соң сұранысқа ие болады. 

Хабар 24 телеарнасы