386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ішкі туризмді дамыту үшін қолайлы инфрақұрылым керек

  • 779
  • UPD: 12:10, 20.11.2018

Дегенмен табиғат аясында жағдай талғамай-ақ демалуға болады.

Ол үшін шатыр, жатуға арналған қоржын болса жеткілікті. Мұның бәрі Қазақстанда өндіріледі және бағасы да қымбат емес. Ал арқаны кеңге салып демалғысы келетіндер Алакөл мен Бурабайдың заманауи демалыс орындарын таңдауына болады. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ұлы Жібек жолы бойы да туристердің қызығушылығын арттыра бастады. Аймақта 1 мың 200-ден аса тарихи-археологиялық және мәдени-сәулеттік ескерткіш бар. Олардың біразы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген.

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметінше, әлемде туризмнің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 10 пайызды құрайды. 2016 жылы Қазақстанда бұл көрсеткіш 1 пайыздан асты. Дегенмен туристік саланы дамыту арқылы 2025 жылға қарай аталған деңгейді 8 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Туризмді дамытуда мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің маңызы зор. 

Роман Ботабеков, ҚР спорттық балық аулау федерациясының президенті:

- Президенттің туризмге қатысты жаңа бағдарламасына сәйкес, сең қозғалды деп айтуға болады. Бизнес пен мемлекет бірлескенде туризм қарыштап дамитыны сөзсіз. Шетелде экономикаға кірістің көп бөлігінің туризмнен түсетінін түсінетін сәт келді.

Хабар 24 телеарнасы