387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде Панфилов мүсінін табыстау шарасы өтті

  • 448
  • UPD: 15:07, 20.11.2018

Ресей Мәңгі полктың атқару комитетінде Панфиловтың мүсіні салтанатты түрде «Біз – миллиондаған Панфиловшымыз» қозғалысына табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу түбіндегі шайқастағы панфиловшылар ерлігінің 77 жылдығына арналған шараны Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова ашты. Мүсінді табыстаудан кейін оқушыларды «Жас панфиловшылар» қатарына қабылдау рәсімі өтті. Айгүл Байқадамованың айтуынша, панфиловшылар күндерінің насихаты жыл сайын күшейіп келеді. Мәселен, Саратов облысының Петровск қаласында «Жас панфиловшылар» атты халықаралық форум өтті. Сондай-ақ Панфиловқа арналған салтанатты шаралар Алматы мен Бішкек қалаларында үнемі өтіп жүр.

Михаил Сердюков, жоба авторы:

- Ресей даңқы аллеясы жобасы аясында биыл 100-ден астам қалада мүсіндер орнатылды. Мен бүкіл әлемде бейбітшілік орнағанын қалаймын. Сол үшін біз тарихымызды ұмытпай, Иван Васильевич Панфилов секілді тұлғаларды мәңгі есімізде сақтауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы