378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


18 адам уланған Теміртаудағы дәмхананың жұмысы тоқтатылды

  • 376
18 адам уланған Теміртаудағы дәмхананың жұмысы тоқтатылды

Қарағанды облыстық экономикалық сотының шешімімен Теміртаудағы дәмхананың жұмысы тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетсек, шілде айының соңында мұнда 18 адам астан ұшынған болатын. Олардың барлығына ішек инфекциясы деген диагноз қойылды. Бұл оқиғадан кейін жоспардан тыс тексеру пен санитарлық-эпидемиологиялық шаралар тағайындалып, бірқатар заңбұзушылық анықталды. Осыған байланысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының арызы толық қанағаттандырылды. Тексеру барысында дәрігерлер тамақтан ішек таяқшасы мен сальмонелла тапқан.

Хабар 24 телеарнасы