387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда көп қабатты үйді заңсыз тұрғызған компаниялар жауапқа тартылады

  • 322
  • UPD: 10:05, 21.11.2018

Ақтау қаласының әкімдігі көп қабатты үйлерді заңсыз салған құрылыс компанияларын сотқа берді.

Құрылысшылар жобада 5 қабатты үй деп көрсетіп, 6 қабатты үй тұрғызған. Қазіргі таңда эскиздік жобадан ауытқыған 8 үй анықталып отыр. Оның 5-еуін мердігер компаниялар тұрғындарға сатып үлгерген. Тұрғын үйлердің 2-еуі былтыр, ал үшеуі биыл пайдалануға беріліпті. Жергілікті билік алдап соққан компания өкілдеріне қатысты мамандандырылған экономикалық сотқа шағым түсірді. Еліміздегі тұрғын үй құрылыстарына қойылатын талапқа сәйкес, ғимарат 5 қабаттан жоғары болса, міндетті түрде лифт орнатылуы тиіс.

Шалқар Ерболғанов, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің маманы:

- Мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасына хат жолданып, қазіргі таңда 6-қабатты бұзу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жеңіс тұрғын үй бойынша қабылдау комиссиясының актісін заңсыз деп тауып, салынған құрылысты бұзу үшін мамандандырылған сотына хат жолданды.

Хабар 24 телеарнасы