388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда Қ.Жұмалиевтің мерейтойына арналған конференция өтті

  • 506
  • UPD: 10:09, 21.11.2018

Оралда академик, әдебиеттанушы Қажым Жұмалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

«Қажым Жұмалиевтің  қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы саласындағы зерттеулерінің маңызы орасан. Сондықтан академиктің шығармашалығы мен туындыларын зерттеуді жаңа белеске көтеру қажет»,- дейді жиынға қатысушылар. Конференция барысында ғалымдар филологиялық білім беру,  педагогика және психология ғылымының теориясы мен практикасы және оқытудың жаңа инновациялық технологиялары тақырыбында баяндамалар жасады.

Айта кетерлігі, оралдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде академиктің құрметіне орай арнайы кабинет ашылды. Сонымен қатар әдебиеттануға өлшеусіз үлес қосқан ғалымның атындағы Жұмалиев оқулары жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрмақ.

Жамал Манкеева, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы:

- Абайдың феноменін ашатын оның тілі ғой, тіл әлемі. Соны ашып көрсеткен, ең алғашқы терең жан-жақты зерттеген Абай тілін, «Абай поэзиясының тілі» деп үлкен еңбек жазған бұл академик қажым Жұмалиев. Осы Абай тілі туралы көлемді еңбектер жазылды, сол еңбектердің бәріне негіз болған жол салып берген осы академик Қажым Жұмалиевтің еңбектері. 

Зинол-Ғабден Бисенғали, әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы:

- Қажым  Жұмалиевтің жалпы шығармашылығы, әдебиеттануға қосқан үлесі бұл Мұхтар Әуезовтан  бір де бір кем деп айтуға болмайды, екеуі қатар өмір сүрген. Оның есесіне Қажым Жұмалиевтың қиындығы көп, бірнеше жыл қатар  ұсталған, шығармаларына тиым салынған. Қазір жарық көрген соңғы 7 жылдағы 7 томдығы бар. Оның өзі де редакциядан өткен томдар. Соның бәрін қалпына келтіру керек.

Хабар 24 телеарнасы