376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қар тазалаушы компаниялар саны көбейді

  • 539
  • UPD: 14:18, 21.11.2018

Ақтөбеде қыста қар тазалайтын мердігер компаниялардың саны екі есеге көбейді.

11 кәсіпорын 200-ден астам арнайы техникасын дайындап отыр.  Әсіресе, үлкен жолдарды уақытылы тазалап отыратын бірнеше жұмыс тобы жасақталды. Синоптиктердің болжауынша, биылғы қыс қатты болады. Сондықтан, арқаны кеңге салмау керек-дейді мамандар. Көктайғаққа қарсы 600 тонна тұз бен 1500 тонна құм дайындалды. Бұл коммуналдық кәсіпорындардың дайындығы. Ал, төтенше жағдайлар департаменті өз қарекетін жасап жатыр. Биыл республикалық, халықаралық маңыздағы тасжолдардың бойында 139 жылыту бекеті мен 3 медициналық-құтқару жасағы қызмет көрсетеді. Құтқарушылар 600 техника, оның ішінде 44 жол таңдамайтын көлік дайындап қойды. Айта кетейік, тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбе облысы арқылы күніне 30 мың транзиттік көлік өтеді.

Руслан Төреғали , қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы

Жалпы, осы қамтитын аумақ 4,9 млн шаршы метрді құрап отыр. Арнайы техника саны 200-ден астам. Және де, барлық мердігер мекемелер 24 сағаттық кезекшілік атқаруда. Яғни, қала аумағында қандай да бір ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты шығуға дайын.

Хабар 24 телеарнасы