384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Тарихымызға қатысты құжаттарды шетел мұрағатынан жинау керек

  • 416
  • UPD: 15:29, 21.11.2018

Қазақстанның тарихына қатысты тың мәліметтерді Ресей, Қытай мен Орталық Азия және Еуропа елдерінің мұрағаттарынан жинақтау керек.

Елбасы бүгін жариялаған мақаласында осыған мән берген болатын. Сарапшы Санат Көшкімбаев бұл бастама Қазақстан тарихын қайта құрылымдап, болашақ ұрпаққа аманат етуге зор ықпал етеді - деп санайды.

 «Әрі бұл құнды деректерді қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін цифрлық форматқа көшіріп, Қазақстанда арнайы қор құру, заман талабы», - дейді сарапшы.

Cанат Көшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Тарихи кезеңдер ғылымға белгілі. Бірақ енді оны жан-жақты зерттеп біріктіру керек. Бұл іске өнер қайраткерлері мен жазушылар да атсалысуы қажет. Мәселен, Сұлтан Бейбарыс, әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи және Абай сынды тарихи тұлғаларымызды насихаттауымыз керек. Біз осылайша өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарымызды дәріптейміз. Елбасының мақаласы соған ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы