389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25»: Павлодар облысында сертификаттар ұсыныла бастады

  • 603
  • UPD: 15:41, 21.11.2018

Жаңа бағдарлама бойынша тұрғын үйлерге субсидия ретінде медициналық қызметкерлерге сертификаттар беріле бастады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.

Аймақ басшысының сөзінше, алты дәрігер пәтер таңдап қойған және өтініштері мақұлданған. Бұдан бөлек, «7-20-25» бағдарламасы аясында ауруханалар да өздігінен жұмыс істеуде. Медициналық мекемелердің басшылары қызметкерлеріне 10 пайыздық бірінші жарна ретінде бес жылға пайызсыз қаржы ұсынуға дайын.

«7-20-25» бағдарламасы тұрғындарға жеке баспанаға қолжеткізуге мүмкіндік ұсынып отыр, - деді өңір басшысы. Осы бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктерге 46 өтініш түскен. Оның ішінде 17-сі қолдау тапты. Тұрғындарға 282 пәтер ұсынылған.

Тұрғын үй құрылысына келетін болсақ, жыл басынан бері облыста 160 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілген. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 55 мың шаршы метр, 656 пәтерден тұратын тоғыз тұрғын үй тапсырылған. Жылдың соңына дейін қалаларда бес кредиттік және екі арендалық баспана беріледі.

Павлодарда «Сарыарқа» шағынауданында құрылыс қарқынды жалғасын табуда. Бүгінгі таңда мұнда 16 үй іске қосылған, қосымша үш үй жыл соңына дейін таспырылады.

2021 жылы «Сарыарқа» шағын ауданында 40 қабатты тұрғын үй тұрғызу жоспарланып отыр. Келесі жылы облыс орталығында 7,5 мың пәтерден тұратын «Достық» шағын ауданының құрылысы басталады.

Хабар 24 телеарнасы