384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ет комбинаты іске қосылды

  • 1324
  • UPD: 23:42, 21.11.2018
Қостанай облысында ет комбинаты іске қосылды

Арқалық қаласында жаңа ет комбинаты жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорын Қостанай облысының оңтүстігіндегі шаруалардың сұранысына сай салынды. Себебі, төрт түлік өсіруге басымдық беретін өңірде бұған дейін ет өткізетін орын болған емес. Жобаның жалпы құны – 2 млрд теңге. Комбинат толық қуатына енгенде 120 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Тәулігіне 10 тонна өнім өндіреді. Оның 3 тоннасы шұжық, 1 тоннасы консервіленген, қалғаны өңделмеген ет. Келер жылы ет комбинаты жанынан 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу жоспарланған. Бұл кәсіпорынды тұрақты түрде сапалы шикізатпен қамтуға жол ашады.

Расул Мұқанов, ет комбинатының директоры:

- Қазіргі уақытта сою цехы толық жұмыс істеп тұр. Шұжық және консерві цехынан алғашқы өнімдерді сынақ түрінде шығарып көріп жатырмыз. Қазірдің өзінде бізде 60 адам жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы