386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада өткен форумда шетелдік медицина ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісті

  • 616
Астанада өткен форумда шетелдік медицина ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісті

Соңғы 3 жылда медицина бағытындағы 100-ге жуық инновациялық жоба қолдау тауып, біртіндеп қолданысқа енгізіліп жатыр.

Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан халықаралық форумда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір елімізде саланы цифрландыру, хирургияны роботтандыру және онкологиялық ауруларды заманауи әдіспен емдеуге қатысты озық бастамалар бар. Енді оны әрі қарай дамытып, жаппай қолдану тетіктерін табу керек. Халықаралық форумда алыс-жақын шетелдерден келген ғалымдар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Әсіресе, биомедицина мен хирургия тақырыптары бөлек конференцияларда кеңінен талқыланды. Форум жұмысы 2 күнге жалғасады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Денсаулық сақтау саласындағы инновацияға қатты көңіл бөліп жатырмыз. Соның арқасында, қазір медициналық университеттер мен ғылыми орталықтарда небір жаңалықтар ашылуда. Әсіресе, жас мамандардың қызығушылығы қуантады. Біз әрі қарай да үздік жобаларға қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға көмектесеміз.

Хабар 24 телеарнасы