389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғарғы сотта судьялардың жүктемесін азайту мәселесі қаралды

  • 565
  • UPD: 15:06, 22.11.2018
Жоғарғы сотта судьялардың жүктемесін азайту мәселесі қаралды

Еліміздегі соттардың жүктемесін азайту үшін дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту қажет.

Бүгін Жоғарғы сотта өткен жиын барысында сала өкілдері осы төрелік сот бағытын жетілдіру мәселесін талқыға салды. «Коммерциялық істерді қарайтын арбитраж қызметі құқықтық тұрғыдан реттелгенімен, бұл саладағы шешімін таппай жатқан мәселелер жеткілікті», – дейді мамандар. Әсіресе, төрелік сот жүйесінің сұранысқа ие болмауы – басты проблема. Сол себепті де кәсіпкерлердің сеніміне ие болу мақсатында төрелік соттың қызметін барынша насихаттау жоспарланып отыр.

Дәулен Балықов, Алматы ауданаралық экономикалық сот төрағасы:

– Соттардың жүктемесі көп, судьялар күніне 5 іс қарап, қорытынды шығару керек. Тағы да басқа материалдар қарап жатады. Бірақ соның 30 пайызы сотта қаралуы тиісті емес деп айтылып жатыр. Сол себепті соттың істерін азайту жөнінде шаралар жасау керек.

Хабар 24 телеарнасы