383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутат: Елбасы мақаласында айтылған бастамаларды қолдаймыз

  • 519
  • UPD: 16:43, 22.11.2018
Депутат: Елбасы мақаласында айтылған бастамаларды қолдаймыз

Мемлекет басшысының мақаласы - бүтін бір ұлттық рухани санасына серпін береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  тарихи деректерге сүйене отырып, жаңа дәуір ұрпағының санасына саңылау тапты.

Президент мақаласы бабалар мұрасын сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізу бүгінгі жастардың қолында екенінің айғағы. 

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Музейдің құрылуында қалыптастырудағы бизнестің ролі ерекше болуы керек. Өйткені бір ел болып, халық болып ол мәселені жүзеге асыруға кірісуіміз керек. Екіншіден, білім беру саласы. Мұнда баланы кішкентай жасынан бастап қай елдің, қай ұлттың өкілі, тарихы қандай міне осы мәселелерде баланың дүниетанымын қалыптастырған жөн болады.  

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Түрік бауырларымыз ТүрікПА-ның  мүшелері, Әзербайжан, Қырғыз мемлекетінің депутаттары, ғалымдары келіп сол мақала төңірегінде бізбен пікірлес болды. Бұл мақаланың маңызды жақтарын айтқанда, әсіресе, Түркістан қаласына, мәртебесіне қатысты айтқан сөздері үлкен қызығушылық тудырып отыр. Біз өз көзімізбен шетелдегі қандастырымыздың, түркі тілді елдердің бұл мақалаға деген ұлкен ықылас сезімін сезініп келіп отырмыз.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине бұл тақырып  мың ойланып, толғанып айтылған сөз. Бұл тарихқа сүйене отырып, ата-бабаларымыз басып өткен жолына елдің, Түркістан облысының аталуының өзі түркі әлемінде бәрінің бірлесіп, бабаларымыздың бастаған жолы екені көрініп отыр. Біз қашанда Елбасы мақаласында айтылған мәселелерді қолдаймыз. Ол бойынша көптеген жұмыстар жүреді әлі.

Хабар 24 телеарнасы