383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарайшық аспан астындағы музей-қорыққа айналады

  • 821
  • UPD: 17:41, 22.11.2018

Елбасының мақаласы мұнайлы өңір зиялыларының көп жылғы ойларын жарыққа шығарғандай болды.

Тасын түртсе, тарих боп сөйлей жөнелетін, қойнауы шежіре мен сырға толы еліміздің батыс өңірінде зерттелмеген қорғандар мен көне қала орындары жеткілікті. Солардың бірі 13-15 ғасырларда салтанат құрған қазақ хандығының астанасы болған Хан Ордалы Сарайшық қаласы. Ал басты жаңалық Сарайшық музейіне республикалық мәртебе берілді. Ендігі жерде «Сарайшық» - мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын деп аталатын болады.

- Сарайшық музейіне республикалық мәртебе берілді. Одан бөлек, өңірде қандай толымды істерді атқару жоспарда бар? 

Бекен Әлирахым, тілші:

- Көне Сарайшық қаласы талай сырды бүгіп жатыр. Ия бүгінде «Сарайшық қаласының аумағы кешенді зерттеуді қажет етеді. Себебі 15-ғасырда бұл арада Қасым хан қазақ хандығының іргесін қалаған.  Сарайшық-Ұлы Жібек жолы бойындағы кіндік қала болғандықтан Оңтүстік Азия мемлекеттерінің Еуропамен байланысын нығайтқан. Сол заманның өзінде Сарайшықта қолөнер дамып, тұрғындар су құбырын пайдаланғаны анықталды. Жуырда ғана республикалық мәртебе алған тарихи-мәдени музей-қорығында енді қандай кешенді жұмыстар атқарылатынын осы музейдің директоры, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Қапезұлының өз аузынан естиік. 

Міне бұл болашақта атқарылатын кешенеді шаралардың бір бөлігі ғана екен. Атап айт қажет өткен жылы Жайық өзені жын санап шайып бара жатқан көне қаланың орны бетон қабырғамен бекітілді. Облыс әкімінің қолдауымен 1,5 шақырым жағалау толық шегенделді. Енді археологтар алаңсыз жұмыс істейтін болады. Музей республикалық мәртебе алғасын «жабайы» археологтардан құтылуға мүмкіндік алды. Әйтпесе мұндағы жәдігерлер осы күнге дейін ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткені ақиқат. 

- Бұрындары көне қаланың орнында адамның бас сүйектері шашылып жататын  еді. Келіп кетушілер селфи жасап, әлеуметік желілерге салып жүргеніне байқаушы едік, бұл мәселе шешімін тапты ма? 

- «Сарайшыққа» республикалық мәртебе берілісімен музей басшылығы шашылып жатқан бас сүйектердің барлығын жинастырып, ауылдағы қорымға жерлепті. Ал енді бұл қасиетті мекен ашық аспан астындағы музей-қорыққа айналады. Мұнда туризмді дамытуға да баса мән беріліп ел тамсанатын мәдени орталыққа  айналатындығына сенім мол.

Хабар 24 телеарнасы