383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық 31 емдеу мекемесі емханаға тіркеу науқанына қатысты

  • 510
  • UPD: 17:25, 22.11.2018
Елордалық 31 емдеу мекемесі емханаға тіркеу науқанына қатысты Zakon.kz

Елімізде тұрғындарды емдеу мекемелеріне тіркеудің кезекті науқаны аяқталды, деп хабарлайды «МӘМС» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы.

Науқанға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, 13,5 мыңға жуығы онлайн қызметті таңдаған (egov.kz порталы арқылы).

«Тіркеу кампаниясы аясында, яғни 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелгендер саны - 13 668. Медициналық ұйымдар мен дәрігерді еркін таңдау құқығын пайдаланғандар саны - 26 487. Алдын ала мәліметке сүйенсек, бүгінгі күнге дейін 2018 жылдың тіркеу қорытындысы бойынша Астана қаласындағы емдеу мекемелеріне 1 091 640 адам тіркелген», - дейді Қордың Астана қаласы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Науқан шеңберінде емханаларға тіркелген азаматтарға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетіледі. Азаматтар тікелей жүгінсе, оларды МСАК ұйымдарына бекіткен кезде бұрын бекітілген МСАК ұйымдарынан есептен шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Биылғы тіркеу науқанына 31 емдеу мекемесі қатысты. Тіркелгендер саны бойынша Астана қаласындағы № 6, 10, 4 және 7 емханалар алдыңғы қатарда. Сондай-ақ, тұрғындар жеке клиникалардан «Салауатты Астана» ЖШС, «Шипагер» отбасылық денсаулық сақтау орталығына көп тіркелген.

Жалпы, тіркеу науқаны – емхана ауыстырудың жалғыз жолы емес. Қазақстандықтардың жылына бір рет емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе МСҚ-мен келісімшартты бұзса, жақын маңнан жаңа емхана салынса, емхана қызметіне қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын бекіткен жағдайда басқа емханаға ауысуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен келісімшартқа отырған медицина ұйымдарының толық тізімін Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтынан табуға болады. Олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек.

Хабар 24 телеарнасы