388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық дәрігерлер әлемдік компанияларда тәжірибе жинақтайды

  • 579
  • UPD: 23:34, 22.11.2018

Қазақстандық дәрігерлер әлемдік медициналық компаниялардан кеңес алып, тәжірибе жинақтайды.

«Жедел және жалпы медицина» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан отандық мамандар осындай келісім жасады.

Жасан Зекейұлы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақстан мен Қытай халық республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі ғылыми патенттер иесі және 500-ге жуық ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы. Оның медорталығы Еуропалық медицина қауымдастығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жасан Зекейұлы, «Жас-Ай» халықаралық медициналық орталығының бас директоры:

- Әлемде қазіргі техниканың дамуына байланысты халықтың денсаулығын көтеру, қолжетімді ету және алыс шетелдегі жатқан, осы Еуропа төріне келе алмайтын кейбір ауыр науқастардың, диагнозы анықталмаған қиын науқастардың қан анализдері бойынша көптеген сараптауларды жылдап бойы күтетін адамдарға қолайлылық тудыру.

Әділ Ахметов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, академик:

- Бұл шараның маңызы зор. Мұндағы компаниялар әріптестерінің тәжірибелерін оқып-біліп жатыр. Дәл осы жерде келісім-шарттарға қол қойылып жатыр. Әрі қарай байланыс нығая түседі. Осы тұрғыда алғанда сапарымыз өзін ақтады. 

«Жедел және жалпы медицина» ғылыми-тәжірибелік конференциясы мен көрмесі - жыл сайын өткізілетін шара. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген 4000-дай сала өкілінің басын қосады. Өзгелерден ерекшелігі - икемді форматта толық клиникалық дайындықтан өткізеді. Дәрігерлер баяндамашылардың қысқа әрі жедел таныстырылымдарын өздері маманданған салаларда кеңінен тәжірибемен ұштастыра алады. Ұйымдастырушылар Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқанына өте қуанышты.

Винченцо Костиоглиоло, Еуропалық медициналық қауымдастықтың президенті:

- Бұл денсаулық сақтау саласындағы жаңа жобаны дамыту бойынша ұзақ мерзімді әріптестіктің басы. Біз біріккен жұмысты қуана бастадық, өйткені жұмысымыз жергілікті халыққа жағады деген сенімдеміз. 

Шара қорытындысы бойынша Еуропалық медицина қауымдастығының шешімімен доктор Жасан Зекейұлы қауымдастықтың Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі ретінде тағайындалды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы