378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жас ғалымдар марапатталды

  • 416
  • UPD: 08:17, 23.11.2018
Алматыда жас ғалымдар марапатталды

Еліміздің Тұңғыш Президенті қоры жас ғалымдарды қолдау мақсатында арнайы байқау өткізді.

Оған бес жүзден аса өтініш түскен. Түрлі саланы қамтитын ғылыми жұмыстардың арасынан іріктеп алынған 80 еңбектің авторы бүгін Президент стипендиаты атанып, марапатталды. Шара «Заманауи Қазақстанның инновациялық дамуы және ғылымға деген сұранысы» атты халықаралық ғылыми конференция аясында өтті. Жас ғалымдар отандық ғылымды өркендетуге бағытталған тың ұсыныстарын ортаға салды. «Үздік деп танылған ғылыми жұмыстарды одан әрі дамытып, өндіріске енгізу жолдарын қарастырамыз», – дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ конференция аясында дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтары өтті.

Дастан Қастай, байқау жеңімпазы:

- Қазіргі заманда журналистиканың орнын антропомания дейді. Яғни адам тәріздес робот журналистер алмастыруда. Соған қатысты мен «Журналистиканың шығармашылық ой-өрісін ешқашан робот журналистер алмастыра алмайды» деген тақырыпта өзімнің жұмысымды қорғап, сол жұмысыммен осы жобада жеңіске жеттім.

Хабар 24 телеарнасы