383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда құнды жәдігерлер музейге табысталды

  • 546
  • UPD: 09:43, 23.11.2018
Жетісуда құнды жәдігерлер музейге табысталды

Алматы облысындағы «Тамғалы тас» пен Бұрхан, Шеңгелді, Қырғауылды қорымдарындағы археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған құнды жәдігерлер музейге табысталды.

Енді олар Мұхаметжан Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақталады. Темір дәуіріне тиесілі жүзге тарта көне зат пен бұйымның арасында керамикалық ыдыстар, жебенің қоладан жасалған ұштары және көздің жауын алатын алтын әшекейлер де бар. Ғасырлар бойы құм астында сақталған жәдігерлердің көбі асүйге арналған ыдыстар. «Алдағы уақытта да оны құмның астынан аршып алып, елге таныстыру арқылы төл тарихымызды дамытып, дәріптеуге үлес қоса беретін боламыз», – дейді археологтар.

Ғалымжан Оспанов, облыстық Тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры: 

- Әрине, бұл жоба бізде 5 жылға жоспарланған болатын. Биыл да қазба жұмыстарына бюджеттен ақша қарастырылып, бөлініп, келесі жылы ары қарай жалғасын тауып, Шеңгелдіде музей жасасақ па деп отырмыз. Ашық аспан астындағы музейге саяхатшыларды тартып, көрсетсек пе деген ой бар.

Хабар 24 телеарнасы