387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңсыз сыйлық алған мемлекеттік қызметкерлер 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

  • 711
Заңсыз сыйлық алған мемлекеттік қызметкерлер 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді vnd12.ru

Биыл мемлекеттік қызметкерлерге берілмек болған 1433 заттай сыйлық тәркіленіп, арнайы қорға тапсырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жалпы құны – 2 миллион 800 мың теңге. Енді бұл кәде сыйлар аукцион арқылы сатылады. Ал түскен қаржы мемлекет бюджетіне аударылады. Мамандардың айтуынша, мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беретіндер көбейеді. Бірақ мұндай әрекеттен аулақ болу керек. Өйткені, егер 2 айлық есептік көрсеткіштен аз сыйлық беру үстінде қолға түссеңіз, 481 мың теңге, ал сол сыйлықты алған мемлекеттік қызметкер 1 жарым миллион теңгеге жуық айыппұл төлейді. Егер сыйлық құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, сыйлығыңыз пара болып саналады және қылмыстық іске жатады. Сондықтан мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің мамандары мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге сый-сыяпат жасамауға кеңес берді.  

Равиль Төлебаев, МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы:

– Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кез келген нысандағы сыйлықтар алу тыйым салынғанын атап өткен жөн. Заңсыз сыйлықтарды ұсыну фактілері үшін ағымдағы жылы 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды алғаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Салынған әкімшілік жазаның жалпы сомасы 16 миллион 115 мың теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы