389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған бірнеше бала баспаналы болды

  • 797
  • UPD: 20:06, 23.11.2018
Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған бірнеше бала баспаналы болды

Ақтөбеде биыл 800 млн теңгеден астам қаражат тек балаларға жұмсалған.

Анығырақ айтсақ, 2018 жыл өңірде балалар жылы болып жарияланып, «Бақытты бала» жобасы іске асқан еді. Әсіресе, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көңіл бөлінді. Балалар үйінде тәрбиеленген 446 баланың тұрғын үй жинақ шотына ақша аударылып, бірнешеуі баспаналы болды. Жекелеген демеушілер мен мекеме ұжымдарының да игілікті іске қосқан үлесі зор. Бұдан бөлек, ерекше білім мен тәрбиені қажет ететін бүлдіршіндерге арналған балабақша ашылды. Үйде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға 65 «сенсорлы үйшік» дидактикалық құралы сыйға берілді. Балалар жылында 9 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылды. Бұл жоба келесі жылы да жалғасын табады.

Гүлбаршын Айдарханова, қала әкімінің орынбасары:

– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бақытты бала» әлеуметтік жобасы 2017 жылдың желтоқсан айынан бастау алды. Жыл бойы түрлі шаралар өткізілді. 85 мың бала қамтылды. Ақтөбе қаласына 150 жыл толады. Енді «Бақытты балаға мейірімді қала» деген бағдарлама жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы