378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Көмекей әулие» деректі фильмінің тұсауы кесілді

  • 1003
Қарағандыда «Көмекей әулие» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Қарағандыда Бұқар жырау бабамыз туралы «Көмекей әулие» деп аталатын жаңа деректі-көркем фильмнің тұсауы кесілді.

Туынды белгілі ғалым, тарихшы Жамбыл Артықбаевтың «Бұқар жырау: он екі тарих» кітабының желісімен түсірілген. Онда бабамыздың Бұқара қаласындағы Көкілташ медресесінде білім алғаны көрсетіледі. Басты рөлді Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов сомдайды. Авторлардың айтуынша, түсірілім жұмыстары Бұқар Жырау, Шет және Ұлытау аудандарының аумағында жүргізілген. Бір сағаттық фильм – жеті ай еңбектің жемісі. Жаңа туындыны жұрт жылы қабылдады. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі, фильмдердегі жарқын кинообраздар халықтың санасында жақсы сақталады», - деген болатын.

Алдан Смайыл, жазушы:

– Бұқардың қызметі, өмірбаяны, хандармен араласқан кездегі салиқалылығы бар, солардың барлығын түсірген және әр оқиғаны көркемдік эпизодтармен кестелеген. Оқырман Бұқардың өміріне деректермен де қанады, сонымен Бұқардың көркем бейнесіне де қанады. Мен фильмнің ерекшелігі осы деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы