389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтереді

  • 350
  • UPD: 14:43, 24.11.2018
Павлодар облысында кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтереді

Павлодар облысында онға жуық мемлекеттік ұйым, жиырмадан астам өндірістік кәсіпорындарда ең төменгі жалақы алатын жұмысшыларға айлық қосылатын болды.

Алдын ала жүргізілген статисткалық есептерге сүйенсек, бұл жалпы саны 35 мың адамды қамтиды екен. Мәселен, бір ғана Павлодардың алюминий зауыты алдағы жылы 6 мың жұмыскерге  жалақыны  көтеруді межелеп отыр. Сонымен қатар металлургиялық зауыт еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізеді. Бұл ретте жариялылық пен жалақыны саралау негізге алынбақ. Осының арқасында жұмыскерлердің еңбегі сатылап өсіп отырады.

Софья Левикина, зауыттың адам ресурстары департаментінің басшысы:

- Жалақыны еңбеккерлердің дәрежелері, еңбек өтілі және кәсіби біліктілігіне қарай 9-дан 14 пайызға дейін көтереміз. Атап өту керек, өзге тау-кен, металлургиялық сала кәсіпорындарындағы салалық коэфициенттен бізде еңбекақы жоғары болады. Бұған кепілдік бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы