389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда сарбаз қатарына қабылдау рәсімі өтті

  • 611
  • UPD: 15:50, 24.11.2018

Енді олар отан қорғаушылар. Бүгін 295 жас сарбаз ант қабылдады. Олар енді «Айбын» және «Батыр» президенттік полкінде отан алдындағы борышын өтейді.

Алматыдағы 0111 әскери бөлімінде дәстүрге айналған жастарды сарбаздар қатарына қабылдау шарасы өтті. Физикалық және психологиялық қатаң іріктеуден өткен жас сарбаздар отаны мен отбасы алдында ант қабылдап, жиналған жұртқа шеберліктерін көрсетті. Яғни бес қаруды еркін меңгерген сарбаздар қоян-қолтық ұрыстан үзінді көрсетті. Сардарлардың айтуынша, борышын өтеушілердің 17 пайызы жоғары білімді, 67 пайызы арнайы орта білім алған. Жас сарбаздардың бірқатары өмір жолын аталған мемлекеттік күзет қызыметімен байланыстырмақ. Тіпті кейбір отбасыларда әскери жол дәстүрге айналған. 

Райымбек Қабдыраш, жас сарбаз:

- Оқу бітірген соң нақты осында келемін деген жоспарым болған. Себебін айта кететін болсам, мемлекеттік күзет қызметі нағыз таңдаулы қарулы күштердің бірі болғандықтан және әкем осында отан алдындағы борышын өтегендіктен жоспарым осы болған.

Хабар 24 телеарнасы