384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарихшы Уфа мұрағатынан Бөкей хандығына қатысты құжат көшірмесін әкелген

  • 368
  • UPD: 20:40, 25.11.2018
Тарихшы Уфа мұрағатынан Бөкей хандығына қатысты құжат көшірмесін әкелген

«Ұлы даланың 7 қыры» атты жаңа мақаласында Мемлекет басшысы шетел мұрағаттарынан қазақ халқына қатысты тың деректер тауып, ғылыми айналымға қосуды, ол мәліметтерді цифрлық форматқа көшіруді тапсырған болатын.

Бұл ретте елімізде «Архив – 2025» бағдарламасы жасақталмақ. Төл тарихымызға тұрақты назар аударылуы оралдықтарды да қуантып отыр. Мәселен, өлкетанушы Жантас Сафуллин «Қазақстан», «Ұран» газеттерінің өткенін зерттеп, Ресей архивтерін біраз ақтарыпты. Ал жуырда Уфа мұрағатынан 1860 жылдардағы Бөкей хандығына қатысты 10 мың бет метіркенің көшірмесін әкелген. Айтпағы, тарихи зерттеулер, табылған құжаттар аз емес. Ал ол деректерді көпшілікке қолжетімді қылу жағы кемшін, ортақ дерекқор жоқ. Міне осы себепті  мақалада айтылған мәселелер аса маңызды.

Жантас Сафуллин, облыстық тарих  және археология орталығының директоры:

- Құжаттар әкелдік пе, тап сол жұмысты басқа бір зерттеуші де барып қарап жүруі мүмкін. Енді оған іссапар шығыны бар, сатып алу шығыны бар, уақыт шығыны бар, осы шығындардың бәрі кетіп жатыр. Ал енді біздің қолымызда бар екенін білсе, ешқайда бармай интернеттен қарап, соның бәрімен таныса алады. Сондықтан біз елге әкелген тапқан дүниелердің барлығын орталықтандырып, бүкіл зерттеуге ниетті  адамдарға қолжетімді жасауымыз керек.

Сара Танабаева, өнер саласының ардагері:

- Есіктен шыққан «Алтын адам» бар ғой. Сондайлар Доннан да шыққан, Сібірден де шыққан археологиялық қазбалар кезінде. Соны бірақ түркі мәдениеті деп айтуға ауыз барған жоқ, соны білдірген жоқ. Мінеки, қазір дәлелденіп, тек қана өзіміз емес, бүкіл дүниежүзіне қазақ мемлекетінің тарихын жарыққа шығарып жатырған кез. Енді осы тарихты жастарымыз білу керек.

Хабар 24 телеарнасы