387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал-Атырау тасжолы ашылды

  • 1009
  • UPD: 13:43, 26.11.2018
Орал-Атырау тасжолы ашылды Baq.kz

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жабылған Орал-Атырау бағытындағы жол ашылды.

Құтқару қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, бұған жолдардың үстіңгі қабатында мұз қатып, көктайғақ қалыптасуы басты себеп болған еді. Орал қалалық ішкі істер басқармасының аға инспекторы Динара Әбдіхалықованың айтуынша, қозғалысқа шектеу қойылған уақытта жүргізушілердің жолға рұқсатсыз шығып кету дерегі тіркелмеген. Дәл қазір аймақта ауа райы 6 градус шамасында, күн бұлтты, аздаған қар жауып тұр. «Қыстың күні өте құбылмалы. Сондықтан алыс сапарға шыққан жолаушылар жолда өте абай болғандары жөн», - дейді Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары.

Хабар 24 телеарнасы