389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25» бағдарламасы: 37 млрд теңге болатын ипотекалық несие берілді

  • 388
  • UPD: 22:00, 27.11.2018

«7-20-25» бағдарламасы басталғалы қазақстандықтардан 4 мыңнан астам өтінім келіп түскен.

Жалпы құны 37 миллиард теңге болатын ипотекалық несие берілді. Бұл биылға жоспарланған межеден шамамен 3 есе аз. Бұл туралы бүгін Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылайтын жұмыс тобының отырысында белгілі болды. Жиында бағдарламаның толыққанды іске асуын тежеп тұрған жайттар аталды. Біріншіден, халықты тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Сосын елімізде жаңа тұрғын үй жетіспейді. Жиынға қатысушылар аймақтарда салынып жатқан баспаналардың тым аз екенін айтты.  

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Несие алушылардың көбін толғандырып жүрген мәселе – бастапқы жарнаның қолжетімсіздігі. Бұл жөнінде Елбасының тапсырмасына сәйкес  50 пайызын субсидиялау жөнінде Үкіметке тапсырма берілді. Оның тетіктері қазір жасақталып жатыр, күтіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы