386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде құрылысшылар жалақысы өседі

  • 287
  • UPD: 22:04, 27.11.2018

Ақтөбелік құрылысшылардың жалақысы жаңа жылдан бастап 10-15 процентке өседі.

Өңірдегі компаниялардың басым бөлігі осылайша Елбасының үндеуіне үн қосып отыр. Тізімде екі жыл бұрын ғана алғашқы өнімін шығарған үй құрылысы компаниясы да бар.

Құрамалы баспана даярлайтын бұл өндірісте жүзден астам адам еңбек етеді. Ашылған сәтте мекеме жұмысшыларының нәпақасы шамамен 50 мың теңге төңірегінде болған. Биылғы жылдың есебіне сәйкес орташа жалақы 80 мың теңге шамасында. Негізінен жастар шоғырланған өндірістің тұрақты түрде дамуы үшін бұл көрсеткішті жыл сайын өсіріп отыру маңызды. 

Нұркен Тұрбаев, компания құрылтайшысы:

- Алдағы жылы жұмысшылар жалақысын 10-15 процентке арттыруды көздеп отырмыз. Бұл комбинаттан бөлек компания еншісіндегі өзге де мекемелерде еңбек ететін азаматтар саны 700-ге жуық. Барлығының да нәпақасы қайта есептелетін болады. Жалпы, келер жылға жоспар көп. Көпқабатты үйлер құрылысын бастаймыз ба деп отырмыз. Сол кезде қосымша жұмысшылар алатын да боламыз. 

Қазіргі таңда бұл жерде жылына 50 мың шаршы метр баспана құрастырылады. 200-ден астам өнім түрі бар. Болашақта құрылыс көлемін арттыруды да көздеп отыр

Досан Жолмағамбетов, үй құрылысы комбинатының жұмысшысы:

- Біз жас мамандарға жұмыс істейміз. Осында келіп, үйретіп, әрі қарай алып кетеді. Енді жылдан-жылға әлеуметтік жағдайымыз, материалдық жағдайымыз алға жылжып келе жатыр. Зауытымызды кеңейтеміз деген ойымыз бар. 

Құрылыс саласының өңірде қарыштап дамуы аталмыш компания өкілдерінің тұрақты түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Мәселен, жыл соңына дейін Ақтөбе облысында 870 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілуі тиіс. Ал келер жылдың жоспары 1 миллионнан астам. Сондықтан сала қызметкерлерінің нәпақасының артуы заңды құбылыс. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов, Гүлмира Досмұратова

Хабар 24 телеарнасы