384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жұмысын тоқтатқан элеваторлар мәселесі шешілді

  • 374
  • UPD: 21:14, 27.11.2018
СҚО-да жұмысын тоқтатқан элеваторлар мәселесі шешілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы элеваторларға қатысты мәселе де толығымен шешілді.

Біраз келіссөздерден кейін олардың жұмысы қайта жанданып, жағдай қалыпқа түсіп келеді. Естеріңізде болса, бірер күн бұрын аймақтағы тілшіміз диқандар элеватордан бидайларын ала алмай отырғанын хабарлаған еді. Өңірдегі 4 ірі астық қабылдау орны Қазақстанның инвестициялық қорына 110 млрд теңге қарыз болып, акционерлік қоғамның меншігіне өтіп кеткен. Кейін олар астықты қабылдап, жөнелтуге тыйым салды. Соның салдарынан ондаған кәсіпкер сатамын деген өнімін шығара алмай, шаш етектен шығынға батқан еді.

Құмар Ақсақалов, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:

- Бір аптаның ішінде біраз операция тоқтап қалды. Кеше кездесу барысында келісімге келіп, диқандардың мәселасі шешіледі. Сондықтан бұл проблема бүгінгі күні толығымен шешілді деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы