387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырт киімсіз көшеге шығып кеткен балаға жауапты астаналық тәрбиеші жұмыстан шығарылды

  • 632
Сырт киімсіз көшеге шығып кеткен балаға жауапты астаналық тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Елордадағы бөбекжайлардың бірінде қараусыз қалып, сырт киімсіз көшеге шығып кеткен балаға жауапты тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің меңгерушісі мәлімдеді. Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын елорда тұрғыны Сарыарқа көшесінің бойынан үстінде тек жұқа күртешесі мен шұлығы бар жылап тұрған баланы байқаған. Суыққа әбден тоңған бөбекті өзінің сырт киіміне орап, сол маңайдағы балабақшаға апарады. Кейін белгілі болғандай, жекеменшік мекеме тәрбиешісі 1 жастан асқан бүлдіршіннің сыртқа шығып кеткенін аңғармай қалған.

Гүлназ Жүнісова, балабақша меңгерушісі:

– Тәрбиешіні жұмыстан шығарып жібердім. Бала түскі ұйқы мезгілінде ұйықтамаған соң тәрбиешінің қасында болған. Тәрбиеші екінші топқа бұл баланы көтеріп апарған. Кейін бала бір ата-ананың артынан бірге шығып кеткен. Тәрбиеші байқамай қалған. Ата-анасымен сөйлестік, баланың тамағы қызарғанын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы