384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада интернет арқылы 17 адамды алдаған алаяқ ұсталды

  • 769
  • UPD: 11:39, 28.11.2018
Астанада интернет арқылы 17 адамды алдаған алаяқ ұсталды Tengrinews

Астана қаласының Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 41 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті сайттарда төмен бағамен автобөлшектерді сататыны туралы хабарлама беріп, сатып алушылардың назарын аудару үшін өзге сайттардағы жарнамалардың суреттерінің көшірмесін қойып отырған. Сатып алушылармен сөйлескенде бөлшектерді басқа өңірлерден жеткізетінін айтып, тауардың ақысын 100% банк картасына аударуды сұраған.

«Оның бөгде адамдарға тиесілі бірнеше банктік картасы болған. Ол үшін ішімдікке әуес азаматтарды тауып алып, азғантай сомаға өз аттарына банктен карта аштыруға көндірген. Жәбірленушілер келіскен соманы банк картасына аударған соң, күдіті сайттағы жарнаманы өшіріп, телефонды сөндіріп, сим-картасын лақтырып отырған. Осылайша ол 17 адамды алдап, 2,5 млн теңгеге залал келтірді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 190-бабының 2 тармағына (алаяқтық) қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген департаменттің ақпаратында.

Полицейлер ұсталған азаматтың тарапынан жәбір көргендер саны көп болуы мүмкін екенін атап өтті. Осыған орай, аталған азаматтың әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) келуін немесе 8 (7172) 71-62-91,71-63-35 және 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы