389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


7-20-25: елордада мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге жеңілдік сертификаты беріледі

  • 694
  • UPD: 20:42, 28.11.2018

Биыл елорда мұғалімдері, дәрігерлері және полиция қызметкерлері үшін «7-20-25» бағдарламасы аясында 100 жеңілдік сертификаты беріледі.

Ал, келесі жылы 1 млн теңге көлеміндегі қаржы 3 мың бюджеттік сала мамандарына табысталады. Сөйтіп, мемлекеттік және бюджеттік мекемелердегі қызметкерлерді басапанамен қамту көрсеткіші жыл сайын арта түседі. Мұның сыртында осы бағдарлама аясында үйге қол жеткізудің өзге де тетіктері қарастырылып, бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылып отыр. Соның бірі, «Баспана хит» бағдарламасы.

Қанат Әбдіраиманов, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ департамент директоры:

«Баспана хит» бағдарламасында сіздің атыңызда үй болмауы керек деген талап жоқ. Сонымен қатар «7-20-25» жаңа үйге бағытталған. Ал «Баспана хит» бойынша ескі үй алуыңызға болады.

Хабар 24 телеарнасы