389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутат еңбек өтілін есептеуге қатысты Премьер-министрге сауал жолдады

  • 445
  • UPD: 20:38, 28.11.2018

Базалық зейнетақыны төлеу барысындағы еңбек өтілімін санау әдісінде кемшіліктер бар. Мәжіліс депутаты Артур Платонов осылай деп, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.

Мәжілісменнің айтуынша, бүгінде еңбек кітапшасында көрсетілген еңбек өтілі міндетті зейнетақы жарналарын төлеу уақытымен сәйкес келмейді. Қазір көптеген зейнеткерлер және құрметті демалысқа енді шығатын мемлекеттік қызметкерлер мен жеке сектор жұмысшылары зейнетақы есептеудің қолданыстағы әдісімен келіспейді деген депутат, бұл мәселені қайта қарауды сұрады. 

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

-  2018 жылдың бірінші қаңтарына дейін салық төлеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жұмыс істеген кәсіпорындар салық пен зейнетақы төлемдерін жарты жылда бір рет, ал кейде жыл соңында төлейтін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерліктер уақыт пен қаржыны үнемдеу үшін осылай істеген. Ал қазір тоқсан сайын тапсыру керек. Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, зейнетақы салық төлеу күніне байланысты төленеді. Нәтижесінде 4 жылдық еңбек өтілі 1 жыл 2 айға айналып шыға келеді. Яғни бірнеше айдың зейнетақысы бір айда ғана төленеді.

Хабар 24 телеарнасы