389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Халық банкі Apple Pay жүйесін іске қосты

  • 649
  • UPD: 22:06, 28.11.2018

Жақында ғана екі банктың интеграциялық жұмысын сәтті аяқтаған Халық банкі дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

Банктің VISA және MASTERCARD карталарын қолданушыларға қаржы ұйымы ыңғайлы әрі жылдам қызмет түрін ұсынып отыр. Қауіпсіз төлемдер Apple Pay бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Сандық технология мен заман талабына сай инновациялық шешімдер енді апта сайын тұтынушыларға хабарландырылып отырады.

Бүгін Қазақстанның «Халық банкы» журналистер мен серіктес құрылымдардың басын қосып, жаңа өнімдерін таныстырды. Қазіргі кезде әлемнің 30 елінде қолданылатын  Apple Pay жүйесі бүгінгі күннен бастап, қазақстандық тұтынушыларға да қолжетімді.

Нұрлан Жағыпаров, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары:

- Бүгінде  9 мыңнан аса тұтынушымызға қолайлы жағдай қарастыруда. Олардың бір айдағы төлем трансакциясы 1 миллионға жуықтады. Енді  Apple Pay жүйесі ыңғайлы болатынына күмән жоқ. Клиенттеріміз Халық банктің Хоумбанк қосымшасы немесе Apple Wallet (волет) арқылы, тіпті  Apple Watch сағатына төлем жүйесін қостыра алады.

Қазақстанда алғаш рет Хоумбанк арқылы Western Union жүйесімен әлемнің кез келген еліне онлайн ақша аударуға болады. Виртуалды банк картасын да ұялы телефон арқылы  ашып, сауда жасай аласыз. Және бұдан былай халық банкі клиенттері арасындағы барлық ақша аударымдары комиссиясыз жүзгізілетін болады.

Ғалым Табылдиев, Орталық Азия елдері бойынша VISA компаниясының  бас менеджері

- Бүгін міне Халық банкымен бірлесе отырып, Қазақстанда  Apple Pay жүйесін іске қостық. Мұның артықшылығы сол,  өте ыңғайлы, жедел әрі қауіпсіз. Ұялы телефонның көмегімен кез-келген төлемді комиссиясыз жасауға болады.  Apple Pay жүйесі Германия мен Белгия сыңды елдерде әлі орнатылмағанын ескерсек, Қазақстанның нарығы үшін бұл үлкен жетістік.

Сандық технология, инновациялық шешімдер банк жұмысын жеңілдете түседі. «Бұдан былай да тұтынушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз, жедел қызмет түрлерін енгізуді жалғастыра береміз» дейді банк басшылығы.  Бұл  «Жаңа Халықтың жаңа бағыты!».

Авторлары: Индира Оразалинова, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы