389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде ҚХА-ның өкілдігі жиырма бесінші отырысын өткізді

  • 547
  • UPD: 22:07, 28.11.2018

Өскеменде Қазақстан Халқы Ассамблеясының Шығыс қазақстан облысындағы өкілдігі 25-отырысын өткізді.

Оған өлкедегі  қоғамдық келісім орталықтары мен этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған сессияның мақсаты - Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылап, сол бағытта атқарылатын жұмыстарды саралау.

123 этно-мәдени бірлестік шоғырланған Шығыс Қазақстанда әр ұлттың өз тілін меңгеріп,дәстүрін дамытуға толық жағдай бар. Елбасының ұйытқы болуымен 23 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты да осы татулық туын биік ұстап, бейбітшілікті насихаттау. Бүгінде бұл қоғамдық институт өзге елдер үшін ұлтаралық келісімнің үлгісіне айналды.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Бірлессек, бірге болсақ, барлық халықты ойласақ қана, үлкен жеңістерге жетеміз.Қазақ халқы бәріне қамқор болуы керек.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты Президент мақаласы біз үшін үлкен жауапкершілік жүктеп отыр дейді Ассамблея мүшелері. Биыл аймақта басталған «Шығыс қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты  жоба мемлекет басшысы айтқан тапсырмаға дөп келіп отыр. 5 жылға жоспарланған  бұл бағдарламаға 30 миллион теңге қаражат бөлінді. Мақсаты - ел аралап  қазақ, орыс, татар ұлтының фольклорын зерттеу,көнеден сыр тарту.

Елдар Төлеубеков, облыстық «Достық үйінің» директоры:

- Бастаған ісіміз бар,соны дұрыс бағытқа  қойып, Президент алдымызға қойған мақсатты орындаймыз деп сенеміз.

Жоба нәтижесінде өлкенің фольклор жинағын  жарыққа шығару жоспарланып отыр.

Оралғазы Шәріпбаев, ҚХА мүшесі:

- «Ұлы даланың жеті қыры» дегеніміз тарихты түгендегеніміз, көштің толық түзелгендігі. Ең бастысы, енді біз Қазақстан Халқы ассамблеясы арқылы осыны насихаттай білуіміз керек.

Сессия барысында қоғамдық келісімді дамытуға ерекше үлес қосқан азаматтар марапатталды. Сонымен қатар өлкеден жинақталған қолөнер бұйымдарының көрмесі де жиналғандар назарына ұсынылды.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов

Хабар 24 телеарнасы