387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана қаласы ТЖД мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

  • 527
  • UPD: 22:20, 28.11.2018
Астана қаласы ТЖД мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Соңғы үш айда елімізде 18 адам суға кетті. Оның біреуі бала. Қайғылы жағдайға көбіне тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп.

Осыған байланысты бүгін Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару бойынша жаттығуларын пысықтап, балықшыларды сақтыққа шақырды. Өйткені қыстың көзі қырауда суға түсіп кететіндердің көбі дәл осы балықшылар екен. Мамандардың айтуынша, мұздың қалыңдығы 10 сантиметрден жұқа болса оның үстімен жүруге болмайды.

Елдор Райымбеков, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

- Ақмола облысында кеше ғана құтару арнайы тобы шығып, мұздың астынан бір азаматты алып шықты. Жалғыз өзі балық аулауға шығып, мұздың үстінде кетіп бара жатқан кезде су ағып жатқан мұздың жұқа жерін басып, құлап қаза болды. Сондықтан азаматтарға балық аулау кезінде арнайы құтқару жилеттерін алуды сұраймыз. Егер ол болмаса біздің қызметкерлер 102 қызетін шақырып, әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

Хабар 24 телеарнасы